Бүгiн 2026, 04:27 Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

100 мың доллар бонус: Асу Алмабаев UFC тарихына енді

Осы жеңістен кейін Асу Алмабаевтың UFC-дегі рекорды 7 жеңіс және 1 жеңіліс болды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC ұйымының жаңартылған «Кештің үздік өнері» бонусын иеленген алғашқы қазақстандық спортшы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Әзербайжанның Баку қаласында өткен UFC Fight Night 280 турнирінде Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта ауырту әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.

Бұл жарқын жеңісі үшін қазақстандық файтерге 100 мың АҚШ доллары көлемінде бонус табысталды. Айта кетейік, биылғы қаңтарға дейін «Кештің үздік өнері» үшін берілетін сыйақы көлемі 50 мың долларды құраған болатын.

Осы жеңістен кейін Асу Алмабаевтың UFC-дегі рекорды 7 жеңіс және 1 жеңіліс болды. Оның ұйымдағы жалғыз жеңілісі 2025 жылдың наурызында португалиялық Манел Капеден тіркелген.