"100 млрд теңге шығынға батамыз". Мақсат Толықбай сағат ауысуының зардабын жіпке тізді
«Желмая» YouTube-жобасының жүргізушісіне сұхбат берген мәжіліс депутаты уақыт белдеуін ауыстыру туралы шешімді сауатсыз шенеуніктердің қабылдағанын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Халық қалаулысының пайымдауынша, бұл өзгерістің кесірінен мемлекет 100 млрд теңгеге дейін шығынға ұшырауы мүмкін. Одан бөлек тұрғындардың денсаулығына орасан зор зиян келетін көрінеді. Сондай-ақ сұхбат барысында депутат елімізде шешімін таппай жатқан бірқатар түйткілді мәселелерді атап өтті. Ол кезінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне неліктен бармағанын да ашып айтты.
«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.