100 келіге жуық бекірені заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды
Атыраулық полицейлер 100 келіге жуық бекіре балықтарын заңсыз тасымалдаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21 маусым күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ғаббас Берғалиев көшесі бойында орналасқан ғимараттың алдында бекіре тұқымдас балықтарды тасымалдау кезінде 1996 ж.т. қала тұрғынының басқаруындағы Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды.
Тінту кезінде көліктің артқы салонынан салмағы 99,9 келіні құрайтын 4 полиэтилен пакеттегі 29 дана бекіре тұқымдас балықтары табылып, тәркіленіп, қылмыстық іске тіркелді. ҚР ҚК-тің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы