100-ден астам жұмысшы жалақысына үстемеақы алады
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жұмыс берушіні зиянды еңбек жағдайлары үшін екі өңірдегі электр пойыздарының 113 машинистеріне, машинистердің көмекшілеріне үстемеақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Талапкерлердің кәсібі зиянды өндірістік факторлары бар кәсіптерге жатады.
Жұмыс беруші еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестациялау 5 жылда кемінде бір рет өткізуге міндетті.
2021 - 2022 жылдары зиянды еңбек жағдайлары үшін үстемеақыны - тарифтік мөлшерлемеге 5% айқындай отырып, аттестациялау өткізілді.
2023 жылы қызметкерлердің үстемеақы мөлшерімен келіспеуіне байланысты жауапкермен аттестациялау қайта ұйымдастырылды.
Соңғы аттестациялау қорытындысы бойынша үстемеақы 14% мөлшерінде белгіленді.
Бұрын талапкерлерге үстемеақы төленбеген.
Жауапкер талапкерлерге жаңа мөлшердегі үстемеақыны өткен кезеңдерге төлеуден бас тартты.
Осыған орай, талапкерлер соттан жауапкерден 2021 жылдан бастап 14% үстемеақыны ретроспективті түрде өндіріп алуды сұрады.
Бірінші сатыдағы сот талапкерлерге үстемеақының жаңа мөлшері өткен жылдарға қолданылмайтынын және сотқа жүгіну мерзімінің өтіп кеткенін көрсете отырып, оны қанағаттандырудан бас тартты.
Сот алқасы талап қоюды қанағаттандырды, өйткені соңғы аттестациялау қызметкерлердің алдыңғы нәтиженің дұрыстығын тексеру мақсатында тағайындалған, онда сол объектілер зерттеліп, еңбек жағдайларының зияндылық критерийлері өзгермеген, сондай-ақ өндірістік процесті жаңғырту да орын алмаған.
Сондықтан алқа 14% үстемеақыны ретроспективті түрде қолдануды орынды деп таныды.
Бұл ретте талапкерлердің сотқа жүгіну мерзімі өткізілмеді, даулы уақыт кезеңіндегі зиянды еңбек жағдайлары үшін үстемеақының нақты мөлшері туралы оларға тек 2023 жылы белгілі болған.