100-ден астам павлодарлық «Халық алғысы» марапатына ие болды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің 100-ден астам тұрғыны ел Президенті атынан «Халық алғысы» марапатына ие болды. 

Марапат әкімдікте карантин кезінде тынымсыз еңбек еткен медицина мамандары, полицейлер, еріктілер, әлеуметтік сала қызметкерлері мен журналистерге табысталды. 

Айта кетейік, коронавирустық инфекцияның бірінші толқынында аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін сақтап, карантиндік шектеулердің орындалуын қадағалауға 1000-нан астам тәртіп сақшысы атсалысты. Полицейлер жыл сайынғы еңбек демалыстарынан бас тартып, күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. 

«Халық алғысы» марапатына ие болғандардың қатарында құқыққорғау органдарының 23 өкілі бар. 

Біз медициналық қызметкерлермен қатар коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайтуға, сондай-ақ Павлодар облысындағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған қызметті жүзеге асырдық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысымызды бағалағанын мақтан тұтамын. Барлық қиыншылық пен ауыртпалықты жеңе отырып, Отанымның игілігі үшін қызметімді жалғастырамын. Халықтың алғысын алу - біз үшін ең жоғары марапат, – дейді Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторы Арман Темірбеков. 

Марапат алғандардың қатарында еріктілер қауымы да бар. Волонтерлер провизорлық орталықтардың науқастарын азық-түлікпен қамтып, аз қамтамасыз етілген отбасыларға қолдау көрсетті. Стационарларды медициналық құралдармен қамту мақсатында демеушілерде тартып, ағымдық мәселелерді шешуге үлес қосты. 

Жалпы, Павлодар облысы бойынша бұл марапатқа 100 адам ие болды. Олардың 23-і - полицей, 19-ы - дәрігер, 24-і - волонтер, төрт - мәдениет және спорт саласының өкілі, 13-і - әлеуметтік қызметкер, сонымен қатар тоғызы - бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы