100-ден астам арнайы техника Астананы судан тазартып жатыр

Жауын-шашынға байланысты қала бойынша 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су басқан учаскелерде бригадалар жұмыс істеуде. 

"Elorda Eco System" ұйымы жер үсті ағындарын соруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде тиісті іс-шараларды жүргізуде: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды, құбырларды, нөсер кәріздерін тазарту, кәріз жүйелерінің құрылысын және т.б. 

Бұл жұмыстар 200-ден астам проблемалық учаскелерде су басу проблемасын шешуге мүмкіндік берген болатын. 

Нөсерлі кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын салу мәселесі қала әкімдігінің бақылауында. Ағымдағы жылы жер үсті ағындарын сору үшін 2,5 км нөсер кәрізінің магистральдық желілерін салу жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы