"100 адам індет жұқтырды" деген ақпарат жалған – Атырау облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау басқармасы облыстық аурухананың қызметкері Covid-19 жұқтырған деген мәліметті растамады, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған басқарманың хабарлауынша, әлеуметтік желілерде таралған "Қызылқоға ауданының тұрғыны - 100 адамның инфекция жұқтыруына себепші болды, оның ішінде медицина қызметкерлері мен емделушілер бар" деген ақпарат шындыққа жанаспайды.Облыстық ауруханада 28 жастағы әйелмен байланысқан тек 27 адам бар. Оның ішінде медбике мен пациент қана COVID-19 жұқтырған. Ал қалған емделушілер мен қызметкерлер, яғни 25 адам оқшауланып, карантинге жатқызылды, - деп нақтылады Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушы - ҚР ҚК-нің 274-бабы "Жалған ақпарат тарату" бойынша жазаланатын болады. Оған 5000 АЕК көлемінде айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус шаш арқылы тарай ма?
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы