"10 жылғы уәде". Министр Нью-Йоркке рейс ашу неге созылып кеткенін айтты

Нью-Йоркке тікелей ұшу үшін АҚШ-тан ұшақ сатып аламыз. Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Көлік министрі Марат Қарабаев осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Оған екі себеп бар. Біріншіден, "Эйр Астананың" өзі тікелей ұшуға мүмкіндік алуы және ұшақ сатып алу мәселесі. Ол бойынша "Эйр Астана" келісімшартқа отырды. Өздеріңізге мәлім, кез келген ұшақты сатып алса, келісімшартқа отырған соң ол ең аз дегенде 3 жылда әзірленеді. Ол ұшақ 2025 жылы дайын болады. Сондықтан 2025 жылға жоспарлап отырмыз. Екінші мәселесі мұндай рейс ашқанда біздің "Эйр Астана" америкалықтар тарапынан сертификациядан өтуге тиіс. Сертификацияға басқа компанияларды тартпай, Эйр Астана өзіміз аламыз деп отыр, - деп түсіндірді Марат Қарабаев.

Бұған дейін министр Қарқаралы, Ұлытау, Зайсан және Катонқарағайға әуежай салынатынын мәлім еткен еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы