10 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген бала алғаш рет мектепке баратын болды
Атырау облысында 10 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген бала алғаш рет мектепке баруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Атырау облысында 10 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген бала алғаш рет мектепке баруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Атырау облысында Индер аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Елтай ауылына қарасты Бағырлай каналы маңындағы бір шаруа қожалығында құжаты жоқ бала бар екенін анықтаған.
Тексеру нәтижесінде шаруа қожалығында 2025 жылдың сәуір айынан бері жұмыс істеп жүрген ерлі-зайыпты азаматтардың 10 жастағы ұлының ешқандай жеке басын куәландыратын құжаты жоқ екені белгілі болған. Бала осы уақытқа дейін мектепке бармаған.
Анасының айтуынша, бала Қызылқоға ауданына қарасты Қоныстану ауылында дүниеге келген. Алайда отбасы Ақтау қаласында тіркеуде тұрғандықтан, туу туралы куәлікті уақытында рәсімдей алмаған. Дегенмен, сәби кезінде қажетті екпелердің барлығын алған. Кейін тұрмыстық жағдайға байланысты отбасы Индер ауданына көшіп келген.
Аталған дерек тіркелгеннен кейін учаскелік инспекторлар баланың құқықтарын қорғау мақсатында тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып, нақты шаралар қабылдады. Нәтижесінде балаға туу туралы куәлік жасалып, ол аудандық мектеп-интернатына қабылданды. Осылайша, оның білім алу құқығы қамтамасыз етілді. Баланың ата-анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша - кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оқыту және оның құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Заң аясында тиісті шаралар қолданылды, - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 31 жыл “жоқ” болған азамат анықталған болатын.
- Ақтөбелік әйел TikTok-тағы әрекеті үшін қамалды 17:03
- Қазақстанда жастар мен отбасының демографиялық болашағы туралы жаһандық зерттеу таныстырылды 16:45
- Жамбыл облысында жүкті әйелін зиратқа апарып, ұрып-соққан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды 16:30
- Маңғыстауда шаруашылық нысанынан 83 келі есірткі табылды 16:03
- Сицилияда Этна жанартауының атқылауына байланысты әуежай жабылды 15:41
- Ақтөбеде жолда «шоу көрсеткен» жастар жазаланды 15:23
- ІІМ қазақстандықтардың деректерін сататыны туралы хабарландыру авторын іздеп жатыр 15:05