10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 10 желтоқсандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады.

Қазақстанның батысына, солтүстік-батысына, орталығына ауқымды антициклон әсер етеді, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте жаяу бұрқасын, еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы