10 желтоқсан – Адам құқықтары күні

Адам құқықтары күні 1948 жылғы 10 желтоқсаннан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдаған кезден бүкіл әлемде атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Декларация - әлемнің 500-ден астам тіліне аударылған құжат.

Декларация барлық халықтар мен мемлекеттер, сондай-ақ әрбiр адам оны орындауға ұмтылуға тиiс мiндеттi бекiтедi. Декларация адам құқықтары саласында бірыңғай халықаралық стандартты қалыптастырған адам құқықтары саласында 60-тан астам құралдарды енгізуге ықпал етті.

Декларацияда ұлтына, тұратын жеріне, жынысына, этникалық шығу тегіне, тіліне, дініне немесе өзге де жағдайына қатысты қандай да бір айырмашылықсыз бәрімізде бар негізгі құқықтар мен бостандықтардың кең тізбесі бекітілген.

2023 жылдың 10 желтоқсанында осы маңызды жаһандық декларацияның қабылданғанына 75 жыл толады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы