10 жасар алматылық оқушы бірнеше жыл жинаған ақшасын арыстықтарға жіберді
Алматы, BAQ.KZ. Алматылық оқушы бірнеше жыл жинаған ақшасын арыстықтарға жіберді. Осы арқылы қайырымдылық шарасына өз үлесін қосуды жөн көрген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
Алдиар есімді 10 жасар алматылық бала бұл ақшаны екі жыл бойы жинапты. Әуел баста ойын приставкасын аламын деп жоспарлапты. Бірақ, Арыстағы оқиғадан соң ойын өзгерткен. Алдияр достарымен бірге тиын салғышты жарғанда ішінен 100 мың теңгеге жуық ақша шығыпты.«Мен басында мүлде басқа зат алғым келген плей стейшнді. Бірақ одан кейін білдім, ойландым да қайырымдылық жасаған дұрыс болады деп шештім»,-дейді оқушы Алдиар Дәулетұлы.
Алдиардың әкесі бұл пиар әдіс не мақтаныш емес деп кесіп айтты. Баласы шешім қабылдаған соң бетін қақпай, бірден қолдапты.
«Балам маған "Әкешім копилкадағы жиналған ақшаға қамқорлық жасасам", деді. Баланың ниеті солай болғаннан кейін қолдаймыз. Бұл бүкіл халықтың, барша Қазақстанның қайғысы ғой расында. Құдай бетін әрі қылсын мұндайдан», - дейді әкесі Дәулет Сатаев.
Төтенше жағдайды естіген оқушылар да қайырымды істен шет қалмақ емес. Бұл күнде «Жас Ұландық» жастар мектептерде штаб құрып, қатарластырының әкелген көмегін жинастырып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Арыста дизенфекция мамандары жұмысты бастап кетті
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы