10 тамызда отандық тасымалдаушылардан жылдық өтінім қабылдау басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық тасымалдаушылардан жылдық өтінімдер жыл сайын 10 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы қабылданады, деп хабарлады Елорда Инфо.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына сәйкес шетелдік рұқсаттамаларға жылдық өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 10 тамызында басталатынын хабарлайды»,- деп көрсетілген ведомствоның хабарламасында.
Отандық тасымалдаушылардан жылдық өтінімдер 30 қыркүйекке дейін www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы қабылданады.
Өтінімде отандық тасымалдаушының ЖСН немесе БСН және атауы, сонымен қатар елдер мен орындалатын тасымалдардың түрлері бөлінісінде шетелдік рұқсаттарды ықтимал пайдаланудың саны қамтылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2 тамызда Шымкентте ауа сапасы нашарлайды
Өзгелердің жаңалығы