10-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды

Орал қаласында сабаққа келген 10-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды. Оқиға 4 қазан күні Зачаган кентіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектепте болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2007 жылғы ұл бала сағат 07.45-те мектепке келген. Сынып оқушыларымен бірге сабаққа дейін дәлізге шығып, сөйлескен. Сосын 08.00-де сынып бөлмесіне кірген. Балалардың барлығы орындарына отырып, сабаққа дайындалып жатқан кезде ол отырған жерінде құлаған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылғанымен, жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады, - деп мәлімдеді Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы