10 сәуір – жұмаға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 сәуірде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар, жауын жауып, елдің батысында ғана күн ашық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының бірқатар аумағында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз шаңды дауыл көтеріледі.

Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының бірқатар аумағында тұман болып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында тұман түседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы