10 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 10 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, , деп хабарлайды BAQ.KZ.

Казақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын, түнде еліміздің солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша екпінді жел, елдің батысында көктайғақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі күтілуде, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы