10 қазанда Алматыдан Прага мен Ханойға рейстер ашылады
Жолаушылар билетті 20 пайыздық жеңілдікпен сатып ала алады.
Vietjet әуе компаниясы 10 қазанда Ханой – Алматы – Прага жаңа жаңа әуе рейстерін қосады. Рейстер Airbus A330 ұшағымен аптасына екі рет жасалады.
Осыған орай, әуе компаниясы 10 қазан 23:59-ға дейін билет сатып алған жағдайда оған 20 пайыздық жеңілдік жариялады. Бірақ, билетті тек www.vietjetair.com сайтында және Vietjet Air мобильді қосымшасында брондау керек. Сондай-ақ, билетті 2026 жылғы 8 қазан мен 2027 жылғы 30 қыркүйек аралығындағы кез-келген уақытқа алуға болады.
Еске салайық, алғашында Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша жаңа әуе бағытын ашу биылғы шілдеге жоспарланған болатын, кейін бұл мерзім күзге, яғни 10 қазанға шегерілді.
Аталған рейстер Қазақстандағы "ашық аспан" режимі аясында жүзеге асады. Бұл режим халықаралық әуе қатынасын дамытуға және шетелдік әуе тасымалдаушыларды тартуға көбірек мүмкіндік береді. Рейстердің қосылуы туристік, іскерлік және гуманитарлық байланыстардың дамуына, сондай-ақ Қазақстанның Вьетнам және Чехиямен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, – делінген болатын Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.