10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Астана мен еліміздің 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Астана, Атырау, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Алматы, Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл болады.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі деп болжанып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы