Open air-2019 шарасына 10 мыңнан аса атыраулық жиналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған концерт 1 қыркүйек күні жаңарған орталық алаңда өтті, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


"Сахнадағы дыбыс пен жарықтандыру технологиясы қойылымдардың жарқын әрі керемет болуына ұйытқы болды. Кеште Мәдина Сәдуақасова, Райм мен Артур, Назима, Ақылбек Жеменей, Бүркіт пен Айша, Музарт тобы, Ержан Максим, Айқын, Тамара Асар сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті", - делінген хабарламада. 


Атыраулықтар өздерінің сүйікті әншілерімен бірге ашық аспан астында ән шырқады.


Концерт соңында мерекелік отшашу болды. Пиротехникалық шоу көрермендерді ерекше таңғалдырды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы