10 минутта 70 хот-дог жеген адам 10 мың доллар ұтты

Хот-дог жеу жарысында 10 минутта 70 жарым хот-дог жеген адам 10 мың доллар ұтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Нью-Йоркте өткен әйгілі хот-дог жеу жарысында америкалық Джоуи Честнат небәрі 10 минут ішінде 70 жарым хот-дог жеп, 10 мың доллар көлемінде жүлдеге ие болды.

41 жастағы Джоуи Честнат тез тамақ жеуден әлемге танымал чемпион. Биыл ол Нью-Йоркте өткен дәстүрлі жарыста жеңіске жетіп, атағын қайта қайтарды. Өткен жылы жарыстан шеттетілген Честнат бұл жолы 70 жарым хот-дог жеп, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты.

Алайда ол өз рекордын жаңарта алған жоқ. 2024 жылдың қыркүйегінде Честнат 83 хот-дог жеп, жеке және әлемдік рекорд орнатқан болатын.

Биылғы жарыстың былтырғы жеңімпазы Патрик Бертолетти бұл жолы бар болғаны 46 жарым хот-догпен шектелді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жеңісі үшін Джоуи Честнатқа 10 мың АҚШ доллары көлемінде жүлде табысталды. Бұл қазіргі бағаммен шамамен 5 миллион теңге. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы