10 маусымнан бастап қазақстандықтарға тағы бір айыппұл салынатын болды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавируспен ауыратын қазақстандықтарға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін айыппұл салынады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшауланудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекіткенін хабарлайды. Бұл талаптарды орындамау әкімшілік жазаны қарастырады. Ереже 2021 жылы 10 маусымда күшіне енеді,  - делінген Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq ақпараттық платформасының көмегімен анықталады.

Сонымен, Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық нысандарға барған кезде «қызыл» мәртебесі бар болып шыққан адамдар оқшаулану ережесін бұзған болып саналады.  Яғни, карантинге түскен науқас адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы Әкімшілік кодекстің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазалар қолдануға негіз болады. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушыға 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылады,- делінген комитет таратқан ақпаратта.  

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті барлық қазақстандықтарды карантиндік талаптарды сақтауға шақырады және әкімшілік айыппұлдар КВИ сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың халық арасында таралуын бақылауға көмектеседі деп үміттенеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы