10 айда 8 мыңға жуық отбасы жеңілдетілген ипотекалық несие алды – Ұлттық банк
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының іске асыру барысын айтып берді.
Сенаттың жалпы отырысына Үкімет мүшелері толық қатысып отыр.«7-20-25» бағдарламасын іске асыру жалғасуда. 10 ай ішінде 91,4 млрд теңге сомаға 7 894 отбасы үшін жеңілдік талаптарымен ипотекалық қарыздар мақұлданды. Нәтижесінде, жалпы алғанда ипотекалық кредиттеу жаңа серпін алды. 2018 жылдың шілде айында іске қосылған сәттен бастап банктердің ипотекалық портфелі 1,4 трлн теңгеге дейін 18,9% өсті», - деді Ұлттық банк өкілі.
Смоляков тұрғындардың депозиттеріндегі қаржы көлемін де айтты.
«2019 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, халықтың жинақ депозиттерінің көлемі 106,9 млрд теңгені құрады», - деді ол.
Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасының орынбасары ведомство көздеген жоспарын наурыз айында Үкімет пен Ұлттық банк арасында жасалған келісім аясында іске асыруды жалғаса беретінін жеткізді.
«Үкіметпен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, біз қажетті шараларды, оның ішінде 2019 жылдың наурызында Үкімет пен Ұлттық банк арасында жасалған келісім аясында іске асыруды жалғастырамыз. Инфляцияны төмен деңгейде тұрақтандыру, қорландырудың орнықтылығын арттыру және банктерді қалыпқа келтіру бойынша бағдарламаларды іске асыру экономиканың ақшамен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ экономиканың нақты секторын қалыпты кредиттеудің өсуіне ықпал етеді», - деді Смоляков.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-та дәрігер 25 науқастың өліміне кінәлі деп айыпталуда
Өзгелердің жаңалығы