10 айда 480 мың шаршы метр пәтер пайдалануға берілді – облыс әкімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді.
Халық үшін өңірдегі өзекті деген мәселенің бірі – тұрғын үй. Өткен 10 айдың қорытындысына сәйкес, 480 мың шаршы метр пәтер пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 615 мыңға жеткізіп, кемінде 3 300 пәтер беру жоспары бар, - деді ол.
Әкім баяндама барысында аймақтағы жол мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде жол жөндеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейген.
1346 шақырым жол жөнделді. Соның нәтижесінде жергілікті жердегі жолдардың үлесі қанағаттанарлық үлесі 90%-ға, ал жалпы жолдардікі 77%-ға жетті, - деді ол.
Бердібек Сапарбаев өңір халқын ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішісі қазіргі таңда 82% болғанын атап өтті. Газбен қамту деңгейі де осы шамада.
Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев бұған дейін жалпы, өңір бойынша 1 трлн теңгеден астам соманың жобалары жүзеге асырылып жатқанын айтқан еді.
Ол сондай-ақ, Қордайдағы вакцина шығаратын зауыт жыл соңында іске қосылатынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы