10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 10 қаңтар күнгі ауа райы болжамын жариялады.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-батысында кей жерлерде жауын-шашын жауады, ал қалған аймақтарда қар жауады. Кей жерлерде тұман болады, оңтүстік пен батыста - көктайғақ.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түседі, күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Манғыстау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады. Атырау облысында да солай - тұман мен көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы