10 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбі, 10 ақпанда елімізде қар немесе жаңбыр жауады. Бірқатар аймақта тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстік пен шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Дүйсенбі, 10 ақпанда Қазақстан территориясының басым бөлігі терең циклон жырасының әсерінде болады, сонымен байланысты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар). Республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Солтүстік пен шығыста жаяу бұрқасын сақталады, делінген болжамда.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерде 23-28, екпіні 30 м/с және аса күшейеді, кей жерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Түркістан облыстарының бірқатар аумағында тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с жетеді, кей жерде жел күшеюі мүмкін.
Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел күші 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысындағы кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, түнде жел күшейіп, жылдамдығы 18 м/с жетуі мүмкін. Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.