1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 01 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республиканың басым бөлігінде ауа райы Оңтүстік циклонымен анықталады, оның ықпалымен қар жауады, республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда кей уақытта қалың қар жауады, тек батысында және шеткі солтүстігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
Елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, еліміздің оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде Түркістан, Жамбыл, күндіз Алматы облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СҚО-да бұрын жасалған 6 мал ұрлығы ашылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы