1 желтоқсанға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбіде еліміздің кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

1 желтоқсанда фронталды бөліктердің әсерінен оңтүстікте, оңтүстік-батыста кей жерде жаңбыр немесе қар жауады, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталықта – аздап қар жауады. Қазақстанның қалған бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел күшейеді. 

Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз өңірде көктайғақ болуы ықтимал. 

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді. 

Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Қарағанды ​​облыстарында кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында кей жерде көктайғақ болуы ықтимал. 

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал, Ақмола облысының кей жерінде – жаяу бұрқасын соғады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы