1 тоннадан астам заңсыз балық тасымалдаған Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Арал балық инспекциясы бөлімі жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп заңсыз балық аулаудың алдын алу мақсатында рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында сағат 10.30 шамасында Арал ауданының Қарашалан-Бөген автожолында “Газель” маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Тексеру барысында Шөмішкөл елді мекенінің тұрғыны тиісті құжаттарсыз жалпы салмағы 1261 кг балық тасымалдағаны анықталды. Келтірілген залал 2 317 466 теңгені құрайды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы