1 тамыздан Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Ол не үшін керек?

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шәуенова ертең, яғни 1 тамыздан бастап Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталатынын мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Бұл – 10 жылда бір рет өткізілетін маңызды мемлекеттік шара ғана емес, сонымен қатар халықаралық маңызы бар науқан. Бұл санақ тек деректер жинау емес ол еліміздегі ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын, оның қалай дамып келе жатқанын, ондағы халықтың тұрмысын көрсетеді, - деді Шәуенова.

Санақ БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы жүзеге асырып отырған 10-шы Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы санақтары бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр. Биыл мұндай санақ Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және өзге де ондаған елде жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы санағы екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең – онлайн форматта, ол 1-31 тамыз аралығында жүргізіледі. Онлайн-формат sanaq.gov.kz сайтында өтеді, бұл интервьюерлерді күтпей-ақ уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, мәліметтерді жылдамырақ жинауға және өңдеуге жол ашады. Сонымен қатар бұл қыркүйекте үй-үйді аралайтын мамандарға түсетін жүктемені азайтады, - деді бюро басшысының орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы