1 тамыздан бері 313 адам пневмониядан көз жұмған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 423 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 83 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 27 623, 313 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 957-ге жетті.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 151 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 31 бала бар. Стационарларда 2 761 науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 147 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
505 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы