1-сыныпқа құжат қабылдау: еgov.kz жұмысы қалпына келтіріледі

Бүгін 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Құжат қабылдау еgov.kz порталы арқылы жүргізіледі. Қазіргі таңда порталда қызметті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау бойынша еgov.kz порталында қызметті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Бұл қызмет таяу уақыттарда қолжетімді болады, - деді Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасатынын еске сала кетейік.

Портал арқылы өтініш беру үшін мынадай құжаттар қажет:

- ата-аналардың немесе баланың басқа заңды өкілдердің өтініші;

- «Профилактикалық екпелер картасы» № 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;

- баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

Бұдан басқа ата-аналар тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымына барып өтініш бере алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы