4 Маусым 2019, 13:18
1-сыныпқа балаларды қабылдау қалай жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин балаларды 1-сыныпқа қабылдауға байланысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарланды елорда әкімдігінің сайтында.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин балаларды 1-сыныпқа қабылдауға байланысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарланды елорда әкімдігінің сайтында.
«Соңғы күндері балаларды 1-сыныпқа қабылдау бойынша сұрақтар келіп түсуде, жиі кездесетіндеріне төменде түсінік берілді», - деп жазды Әнуар Жанғозин Facebook парақшасында.
Біріншіден, құжаттарды тек баланың ата-анасы немесе заңды тұлғалары тапсырады. Сондықтан, мектептер өтінішті басқа өкілдерден (ата-әжесі, апасы, ағасы және т.б.) қабылдаудан бас тартуға құқылы. Екіншіден, қазіргі таңда 1-сыныпқа құжат қабылдау стандартқа сәйкес барлық жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асырылуда, қабылдау комиссиясы жұмыс күндері таңғы сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс жасайды, 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі ас.

10 маусымнан бастап құжаттарды электронды жүйе арқылы тапсыру мүмкіндігі пайда болады. Үшіншіден, шағын аудандар бойынша тіркеу жасалынбайды. Құжат тапсыру үшін мекенжай анықтамасы қажет емес. Сонымен қатар, электронды жүйе сіздің мекенжайға ең жақын мектепті автоматты түрде анықтайтынын xабарлайды, ата-ананың қалауынша құжатты сол мектепке немесе басқа мектепке тапсыру мүмкіндігі беріледі.
Қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес, ең бірінші кезекте білім беру ұйымдарына қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, содан кейін, бос орын болған жағдайда, ата-аналардың қалауы бойынша өтініштер қабылданатынын назарларыңызға салады.
Бұл шара кейбір астаналық мектептердің тығыздылығы бойынша жағдайын қадағалау мақсатында жасалынған. Төртіншіден, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі қажет: 1) ата-ананың немесе заңды өкілдерінің тарапынан жазылған өтініш; 2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3) денсаулық жағдайы туралы анықтама №063/у нысан; 4) денсаулық жағдайы туралы анықтама 026/у-3 нысан; 5) баланың 2 данада 3х4 сантиметр өлшеміндегі фотосурет; Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша беріледі.
- Непалда су тасқынынан кейін мектептерді қалпына келтіруге $15 млн-нан астам қаржы қажет 19:10
- Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты 18:08
- Президент БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті 17:50
- Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті 17:15
- Ақмола облысында 148 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді 16:51
- Тегін берілетін дәріні заңсыз сатқан: 60-тан астам дәріхана мен медициналық ұйым жазаланды 16:15
- Сарапшы: Трамптың құттықтауы АҚШ-тың Қазақстанға ерекше назар аударып отырғанын көрсетеді 15:55