1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы екі есе өседі

Елімізде 1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы екі есе өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұндай мәліметті ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев айтты.

Бүгінгі күні ұлттық парктер мен қорықтарда 2 525 адам жұмыс істейді. Осы күнге дейін орман шаруашылығы саласындағы ең төменгі жалақының бірі болатын. Бірақ қазіргі уақытта осы мәселе бойынша министрлікпен бірге тиісті жұмыс жүргізілді. Енді 1 шілдеден бастап жалақы 100 пайызға өсіреді деп көздеп отырмыз, - деді Данияр Тұрғамбаев Казгидрометте өткен брифингте.

Сөзінше, орман шаруашылығы саласындағы мамандардың ең төменгі жалақысы штаттық кесте бойынша 80 000 теңгеден астам. Бұл - инспекторлардың жалақысы. Енді осы жалақы екі есе өседі.

2 525 адамның 1 912-сі инспектор болып жұмыс істейді. Бұл нормаға сай емес. Саны екі есе көп болуы керек. Десе де мамандардың саны көбейіп келеді, - деп айтты ол.

Сөзінше, мамандарды осы салаға қызықтырудың бір жолы - жалақыны көтеру.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сурет орман комитеті
Өзгелердің жаңалығы