1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 2 млн 247 мың зейнеткер бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтарға 1,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы маусымда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 261,9 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 79,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 182,6 млрд теңге бөлінді. 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 247 мың адам, - делінген хабарламада. 

Министрліктің хабарлауынша, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 117 469 теңге болды, ал 1 маусымдағы көрсеткіш 105 189 теңге болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы