Бүгiн 2026, 14:39
Фото: pexels.com
1 сәуірде аспанда "Қызғылт Ай" көрінеді: Сирек құбылыс туралы нені білу маңызды?
Толық ай 1 сәуірге қараған түні ашық ауа райында анық көрінеді.
1 сәуірге қараған түні Жер тұрғындары «Қызғылт Ай» деп аталатын сәуір айындағы толық айды тамашалай алады. Алайда атауына қарамастан, Ай шын мәнінде қызғылт түске боялмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ gismeteo.kz-ке сілтеме жасап.
Неліктен «қызғылт» деп аталады?
The Old Farmer’s Almanac мәліметінше, бұл атау Айдың түсіне емес, табиғаттағы құбылыстарға байланысты қойылған.
Атауы Солтүстік Америкада көктемде алғаш гүлдейтін өсімдіктердің бірі – Phlox subulata (жатаған флокс) гүлдеу кезеңімен байланысты.
Сәуірдегі толық ай «Бақа Айы», «Мұз еріген Ай», «Балық Айы» деген атаулармен де белгілі.
Бұл атаулардың барлығы табиғаттағы маусымдық өзгерістерді сипаттайды.
Қашан бақылауға болады?
Толық ай 1 сәуірге қараған түні ашық ауа райында анық көрінеді.