Бүгін кей облыста бұршақ жауып, найзағай түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін еліміздің кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте найзағай түсіп, дауыл болады. Бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, оңтүстіктің кей жерінде қатты жауын-шашын, тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерде тұман түсіп, желдің күшеюі ықтимал, оңтүстікте найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман, кей жерінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-шығысында 30 м/с жөне одан жоғары болуы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерінде найзағай болып, тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал, жел жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, найзағай, бұршақ болуы ықтимал, түнде жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, күндіз кей жерінде 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, түнде көктайғақ, кей жерінде түнде желдің күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.
Манғыстау, Қостанай, Қарағанда облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмолада, түнде Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі.
Күндіз Алматы облысының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.