1 қыркүйекте жұмысқа шыққан мұғалімдерге төлемақы төленді ме

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйекте жұмысқа шыққан барлық мұғалімге төлемақы төленуі керек екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1 қыркүйекте тек бастауыш сыныптың, оның ішінде 1-сыныптардың мұғалімдері жұмысқа шықты. Ата-аналардан келіп түскен өтініш бойынша, 1 қыркүйекті ұрламай, Білім күніндегі салтанатты жиынды өткізуді қолдадық. Сондықтан 1 қыркүйек - "Білім күні" жойылған жоқ, аталып өтті, - деді министр.

Ғани Бейсембаев әр білім ордасының әкімшілігіне демалыс күндері жұмысқа шыққан мұғалімдердің ақы мәселесі жайлы алдын ала ескертілгенін айтты.

Сенбі-жексенбі күндері қажеттілікке байланысты жұмысқа шыққан мұғалімдердің төлемақысы толығымен төленуі тиіс екені әр мектеп әкімшілігіне ескертілді. Оны Білім басқармалары біледі. Бізге барлық мектепте төленді деген ақпарат жетті. Егер бұл мәселе жекелеген мектептерде шешілмесе, оны маған сіздер жеткізсеңіздер, оны қадағалап, тиісті шара қолдануға дайынбыз, - деп түсіндіріп берді еліміздің бас ұстазы Мәжілістің кулуарында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы