1 қыркүйекте қай сынып оқушылары алғашқы қоңырауға қатысады
Павлодарлық оқушылар 1 қыркүйек күні "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиынына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қаланың білім бөлімі хабарлағандай, Павлодар қаласы мен ауылдық округтердегі білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған іс-шаралар ұйымдастырылады.
Олар:
1 қыркүйек күні сағат 10:00-де 1 және 10-11-сынып оқушылары үшін "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны.
2 қыркүйек күні 2-9 сыныптарға Білім күніне арналған сынып сағаттары мен кесте бойынша сабақтар өткізіледі.
Еске сала кетейік, биыл оқу процесі 2 қыркүйектен басталады. Салтанатты қоңырау рәсімін өткізу күні мен уақытын әр мектептің педагогикалық кеңесі шешеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
25 мың жұмыссыз қазақстандыққа sms арқылы жұмыс ұсынылады
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы