1 қыркүйек – демалыс күні жұмысқа шыққан ұстаздарға қосымша ақы төлене ме?

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы демалыс күні жұмысқа шығатын ұстаздарға қалауы бойынша басқа демалыс күні берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мереке Амангелдіқызы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Сөзінше, ұстаздарға таңдау құқығы беріледі. Яғни, демалыс немесе кемінде екі есе мөлшерде төленетін ақы.

Педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақытының есебін жүргізуге міндетті екенін хабарлаймыз. Демалыс және мереке күндері жұмыс істеген қызметкердің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі немесе қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі бойынша кемінде екі есе мөлшерде ақы төленеді (ЕК), - деп жазды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы 1 қыркүйек күні "алғашқы қоңырау" өте ме деген сауалға нақты жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы