1 қарашаға арналған валюта бағамы жарияланды
Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттерінде доллар, еуро мен рубльдің сатып алу және сату бағамы.
Еліміздің ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде АҚШ доллары, еуро және Ресей рублі қандай бағаммен сатылып, сатып алынатыны белгілі болды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астанадағы айырбастау пункттеріндегі орташа бағам төмендегідей:
-
АҚШ доллары: сатып алу – 449,97 теңге, сату – 456,97 теңге;
-
еуро: сатып алу – 501,97 теңге, сату – 511,97 теңге;
-
рубль: сатып алу – 5,30 теңге, сату – 5,50 теңге.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде:
-
АҚШ доллары: сатып алу – 497,53 теңге, сату – 454,96 теңге;
-
еуро: сатып алу – 503,94 теңге, сату – 508,21 теңге;
-
рубль: сатып алу – 5,35 теңге, сату – 5,46 теңге.
Шымкентте:
-
АҚШ доллары: сатып алу – 452 теңге, сату – 455 теңге;
-
еуро: сатып алу – 505,43 теңге, сату – 509,57 теңге;
-
рубль: сатып алу – 5,35 теңге, сату – 5,45 теңге.
Бүгінгі ресми валюта бағамы төмендегідей: 1 АҚШ доллары – 453,87 теңге, 1 еуро – 508,33 теңге, 1 рубль – 5,65 теңге.
Қазан айының соңғы күндері валюта нарығында айтарлықтай ауытқулар байқалды. Алдымен доллар бағамы 457 теңгеден асып, кейін қайта төмендеді.