24 Қазан 2024 2024, 10:47 Фото: -архив

1 қарашадан бастап электр энергиясы өседі. Қай өңірде қанша болады

Энергетика министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы бұйрығы бойынша электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Энергетика министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы бұйрығы бойынша электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша, 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап тарифтер өседі:

  • бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге дейін;
  • екінші топ (Еуразиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
  • тоғызыншы топ ("Астана-Энергия" АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
  • 12-топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
  • 18-топ ("Степногорск ЖЭО" ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
  • 28-топ ("Жаңажолская ГТП" ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
  • 39-топ ("З-Энергоорталық" АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
  • 48-топ (ТНК "Қазхром" АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.

Сонымен қатар, тізімге жаңа компаниялар қосылды, олардың тарифтері алғаш рет бекітілді:

  • кВт/сағ үшін 43,92 теңге тарифпен 56-топ;
  • 56,63 теңге тарифпен 57-топ;
  • 26,08 теңге тарифпен 58-топ;
  • 22,56 теңге тарифпен 59-топ;
  • 60-топ тарифі 3,07 теңге.