1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері қаншалықты өзгереді

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджет туралы заңға қол қойды. 2024 жылы ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері қаншаға өсетіні анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен Республикалық бюджет туралы заңға сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтарды төмендегідей өзгерістер күтіп тұр. Атап айтқанда: 

  • ең төменгі жалақы — (2023 - 70.000 тг) 85.000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — (2023 - 21.907 тг) 28 мың теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – (2023 - 53.076 тг) 57 мың теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш — (2023 - 3.450 тг) 3692 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы — (2023 - 40.567 тг) 43 мың теңгені құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы