1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

Биылғы Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнінің ұраны Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар деп аталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл сайын бұл күн Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұсынысымен жаңа ұранмен өтеді.

Әр жылдары "Азаматтық қорғаныс негіздері", "Құтқару дағдыларын қалыптастыру", "Халықты хабардар ету жүйелері мен байланыс құралдарын дамыту", "Еріктілерді кеңінен пайдалану", "Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі" сынды ұрандар болған. Биылғы ұран: "Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар", - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов.

Айта кетейік, іс-шара аясында өңірлерде ашық есік күндері, семинарлар, викториналар, конкурстар, әртүрлі оқу-жаттығулар мен ашық сабақтар өткізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы