1 наурызға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жауын-шашын жауады, республиканың солтүстігінде қар жауады, оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды.
Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, күндіз екпіні 29 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, Жарма ауданында жел 25 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ түседі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 18 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, күндіз жел 18 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман, тұман, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Andrian Zvigin. Мен, қойшы және бәйшешектер /фото/
Өзгелердің жаңалығы