1 млн-нан астам француз ереуілге шықты
Францияда зейнетақы реформасына қарсы манифестация қатысушыларының саны 1 млн адамнан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Франция қарсылық шаралары зейнет реформасына, оның ішінде зейнет жасын 62-ден 64-ке көтеруге бағытталды. Француз кәсіподақтары бірнеше жыл бұрын зейнет жасы 60-тан 62-ге көтерілген кездегідей бірлесіп қарсылық көрсетіп жатыр.
Ел президенті Эммануэль Макрон үкіметі зейнеткерлікке шығу жасын 62-ден 64-ке ұзартып, зейнетақыны толық алу үшін төленетін тоқсандық салықтарды көбейтіп жатыр.
«Бізге күш берген кәсіподақ бірлігі екенін мойындауымыз керек. (...) Арамызда бұл мәселеге қатысты келіспеушілік жоқ. Мұндай оқиға кейінгі 15-20 жылда алғаш рет болып тұр», - деді «Бағынбайтын Франция» партиясының көшбасшысы Жан-Люк Меланшон.
Ереуіл салдарынан Париждегі қоғамдық көліктер мен барлық өңірдегі пойыздардың қозғалысына кері әсер етті. EDF мемлекеттік электр энергиясын жеткізушінің ереуілге шыққан жұмысшылары электр энергиясын өндіруді азайтқанын мәлімдеді. Franceinfo және France Inter қоғамдық радиожелілері жаңалық таратудың орнына эфирді музыкамен толтырып тастаған, ал France 2 телеарнасы қайталау көрсетіп жатыр.