Әлемде 1 млн-нан астам адам коронавирустан жазылды

Алматы, BAQ.KZ. Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 3 256 570 жетті,  233 263 адам мерт болған, 1 014 524 науқас қауіпті індеттен жазылып шыққан. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті таратты.

АҚШ вирус жұқтыру жағынан ғана емес, адам шығыны жағынан да бірінші орында тұр. Бұл елде 1 069 534 адам инфекция жұқтырған, оның 63 001 көз жұмды. Жазылғандар саны 153 947.

Коронавирустан жазылғандар көрсеткіші бойынша екінші орында Германия тұр. Вирус жұқтырғандар саны - 163 009, жазылғандар - 123 500 адам, 6 623 науқас мерт болған.

Испания жазылғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша үшінші орында. Ел бойынша COVID-19  жұқтырғандар саны - 213 435, қауіпті індеттен көз жұмғандар -24 543, жазылғандар - 112 050 адам.

Италия адам шығыны жағынан екінші орында, мұнда 27 967 адам мерт болған. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 205 463, оның 75 945-і жазылып шыққан. 

Иранда вирус жұқтырғандар саны 94 640 адамға жетті. Жазылып шыққандар - 75 103, көз жұмғандар саны 6 028.

Францияда 167 299 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Жазылғандар саны 50 380 адам, көз жұмғандар - 24 410.

Түркияда 120 204 адам инфекция жұқтырған, оның 48 886 жазылып шыққан. Қайтыс болғандар саны - 3 174.

Ұлыбритания инфекция жұқтыру бойынша әлемде төртінші орында тұр. Онда 172 481 адамнан вирус анықталған, 26 842 адам көз жұмған, тек 859 адам жазылып шыққан.

РФ-да 106 498 адамнан вирус анықталған, жазылғандар саны -11 619, көз жұмғандар - 1 073 адам.

Ал, Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 3504 адамға жетті, жазылғандар саны – 866, көз жұмғандар – 25.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы