Қазақстанда тәулігіне 1 млн маска шығарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Қазақстанда тәулік сайын бір миллион маска шығарылады. Алдымен медициналық ұйымдар мен алдыңғы шепте жүрген қызметкерлер қамтамасыз етіледі. Қазақстанда өндірілетін маска көлемі азаматтарды қамтамасыз етуге жетеді деп ойлаймын. Өңірлерде қосымша көпреттік маскалар шығарылып жатыр. Бұл жөнінен проблема туындамауы керек, - деді ол. 

Ералы Тоғжанов маска тағу бойынша жауапкершілікті арттыру керегін айтты.

Бүгінде бір-бірімізді қорғау қажет екенін түсіну керек. Біз өмір бойы маска тағып жүрмейміз ғой. Бұл уақытша шара. Адамдардың қауіпсіздігіне қатысты мәселе болып отыр. Ата-анасы мен жақындарынан айырылған адамдардың көз жасы туралы ойлау керек. Бұл мәселе бойынша бірлесе жұмыс істеуміз керек, - деді ол.
Айта кетсек, карантиннің ұзартылуына байланысты тамызда табысынан айырылған адамдар 42 500 теңгенің жартысын ала алатыны белгілі болды. Сондай-ақ, қайта ашылатын нысандарға қандай талаптар қойылатыны нақтыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы