1 мамырдан бастап «қызыл» аймақтағы 6 аудан бойынша блок-бекеттер орнатылды – БҚО әкімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев 2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.
Облыс әкімі атап өткендей, өңірде эпидемиологиялық жағдай жіті бақылауда.
Сәуір айында жағдай тәулігіне 200-250-ге дейін ұлғайса, мамыр айында бұл көрсеткіш 90-100 жағдайға дейін төмендеді. Мониторингтік топтар 1 мамырдан бастап 965 нысанды тексеріп, 962 мың теңге сомасына 22 хаттама толтырды. Соңғы аптада 658 жаңа жағдай анықталды. Алдыңғы аптамен салыстырғанда істер саны 8,9% азайды, - деді ол.
Аймақ басшысының айтуынша, облыс екі ай бойы «қызыл» аймақта орналасқанын ескере отырып, аудан тұрғындарының облыс орталығына келуін төмендету үшін 2021 жылдың 1 мамырынан бастап 14 күн ішінде Орал қаласының периметрі бойынша және «қызыл» аймақта орналасқан 6 аудан бойынша блок-бекеттер орнатылды.
Аталған шаралар облыс орталығына тұрғындар ағынын 35%-ға азайтуға, сондай-ақ бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне жол бермеуге мүмкіндік берді. Жоғарыда атап өткенімдей, эпидемияның жаппай таралуына жол бермеу үшін Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында жағдай мұқият бақылауға алынған, - деді әкім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы