1 мамырда Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік болып, қар жауады

Синоптиктер 1 мамырда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтсүтік бөлігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22, Алакөл көлдері аудандарында 23-28 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. 01 мамырда облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с. 01 мамыр облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 01-02 мамырда облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың онтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, онтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталықта найзағай күтіледі. Жел батыстан солтүстік-батыстан ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталықта екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 24-29 м/с.

Алматыда күндіз кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы