1 мамырға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының тұрақсыз сипаты республиканың басым бөлігінде сақталады, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп болжайды синоптиктер.
Кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, күндіз оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман, түнде солтүстікте аяз болады.Ақмола және Жамбыл облыстарында кей жерлерінде 15-20, кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с, түнде Ақмола облысының кей жерлерінде күшті жел тұрады.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Павлодар облысының басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін жел күшейеді.
Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жапония ТЖ режимін 6 маусымға дейін ұзартуға ниетті
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы